Басты Жаңалықтар «Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты

«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты

Абай облысында тұрғындардың құқықтық сауаттын арттыруға бағытталған «Заң керуені» жобасы жалғасып жатыр. Бұл жолғы шара Көкпекті және Ақсуат аудандарын қамтыды.

Жоба аясында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекеме өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, көмек көрсетті. Ашық форматтағы кездесулерде азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын түрлі сала мамандарына қойып, нақты жауаптар мен кеңестер алды. Кездесулер Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен, Преображенка, Көкпекті ауылдарында және Ақсуат ауданындағы Көкжыра, Екпін, Ақсуат ауылдарында ұйымдастырылды. Тұрғындар көбіне жер телімдерін рәсімдеу, жайылым жер тапшылығы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алу тәртібі, тұрғын үй алу, баспана кезегі сынды сауалдарын мамандарға жолдады. Өтініштері тыңдалып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Заң керуені» жобасы халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған маңызды бастама ретінде жалғаса бермек.

Елдос Есентай, облыстық Ішкі саясат басқармасының бас маманы:

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Абай облысы әкімдігінің бастамасымен және құқық қорғау департаментінің әрбір салалары «Заң керуені» аясында мобильді топ құрылып, халықпен кездесу өткізіп жатырмыз. Халықтың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және де барлық арыз талаптарын қарастыру жөнінен әкімшілік саласынан да құқық қорғау саласынан да сұрақтар қойылып, оған жауап алды. Арыз талаптарын қабылдап, облыс әкімі мен облыс прокурорына жеткізетін боламыз.
Бөлісу