Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
Мемлекет басшысының тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі тапсырмасы аясында Алматыдағы Ұлттық орталық музейдің желдету және ауа баптау жүйесін жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі саналатын мекеменің қорында бүгінде 300 мыңнан аса тарихи жәдігер сақтаулы. Олардың қатарында археологиялық мұралар, сирек қолжазбалар, құжаттар мен өнер туындылары бар. Жаңа инженерлік жүйе музей қорындағы құнды экспонаттарды сақтауға жағдай жасап, көрме жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келушілерге, зерттеушілер мен музей қызметкерлеріне қолайлы орта қалыптастырады. Жобаны іске асыру үшін арнайы мердігер ұйым тартылып, қажетті құрал-жабдықтар еуропалық өндірушіден тікелей сатып алынған. Жаңғырту жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталып, биыл 20 мамырда толық аяқталды. Жоба «Болат Өтемұратов қорының» қолдауымен жасалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы