Қызылордада «Ең үздік қазақ тілді мекеме» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Ең үздік қазақ тілді мекеме» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11.12.2014
Қызылордада «Ең үздік қазақ тілді мекеме» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздік мерекесіне орай  Қызылорда облысының Тілдерді дамыту  басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө. Болатбеков,  облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар басшылары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. деп хабарлайды ҚазАқпарат

Елбасы Жолдауын талқылаған жиында «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеңіп алса, екінші орынға Қызылорда облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, үшінші орынға Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті ие болды.

Сонымен қатар, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ынталандыру сыйлықтарын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Хабарламаларға жазылу