Бала Динаға Құрманғазы домбыра тартудың терең сырларын үйреткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала Динаға Құрманғазы домбыра тартудың терең сырларын үйреткен

10.12.2014
Бала Динаға Құрманғазы домбыра тартудың терең сырларын үйреткен

Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген.

Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді.

Бүгін 17.00-де Ұлттық арнадан «Ұлт мақтанышын» көріңіз. Қазақтың біртуар күйшісі турасында толығырақ мәлімет біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу