ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары тағайындалды

04.11.2014
ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  Ғалым Ахмедьяров ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.  

Ғалым Ахмедьяров 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын «Домбыра» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Музыкалық өнер» мамандығының аспирантурасын тәмамдады.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ басқарған Ғ. Ахмедьяров  «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

Хабарламаларға жазылу