Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті

20.04.2015
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті

Бүгін Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті.

Сөз өнерін жетік меңгерген талантты жастар бақ сынасты. Сайысқа 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.

Байқауға қатысушылар өлеңді оқып қана қоймай, оның астарына үңіліп, ішкі терең сырларын көрерменге жеткізді.

Қазылар алқасы талапкердің көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударды.

Жеңімпаздар республикалық байқауда елорданың намысын қорғайтын болады.   

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу