Елге мәлім де беймәлім күйлерді дәріптейтін домбырашылардың байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге мәлім де беймәлім күйлерді дәріптейтін домбырашылардың байқауы қорытындыланды

04.03.2019

Елге мәлім де беймәлім күйлерді дәріптейтін домбырашылардың байқауы қорытындыланды. Осымен 5-мәрте өткізілген «Қос ішек» күйшілер сайысына Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісовадан бастап, бүгінгі классик композиторлардың туындылары орындалды. Республика бойынша 20-дан астам өнерпаз қатысқан шарада сирек кездесетін немесе тіптен ұмытыла бастаған 12 күй қайта жаңғырды. Сонымен, бас жүлде маңғыстаулық Нұржан Жолдасқа бұйырды. Қалған жүлделі орындарды Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерватория мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері алды. Ұйымдастырушылар гала концертті халықаралық деңгейге көтеруді көздейді. 

Жұмабек Қадырқұлов, «Қос ішек» домбырашылар байқауы жобасының авторы, ҚАЗҰӨУ Домбыра кафедрасының аға оқытушысы:

- Мұрат Өскінбаевтың жеткізуіндегі «Күй басы», Әлқуат Қожаберген күйшіміздің «Бала ноғай сазы», Қарақұл Қонаршыұлы жеткізген «Қартбай ақжелең» деген күйлер орындалды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу