Қызылордадағы мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

05.03.2018

Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Онда балалар домбыра үйреніп, тегін дәріс алады. Бұл - «Рухани жаңғыру» орталығының игі бастамасы. Жақында орталық қызметкерлері қаладағы мектеп, колледждерде үзіліс кезінде ұлттық аспаптың үнін күмбірлетіп, балалардың рухани баюын және оларды құндылықты дәріптеуге баулу мақсатында «Домбыра фест» шарасын ұйымдастырған болатын. Мектепте ашылған домбыра сыныбы соның жалғасы. Яғни, жақсы бастаманы қолдаған жеке кәсіпкер білім беру ұйымына 10 домбыра сыйға тартты.  

Гүлжазира Серәлиева, мектеп директорының орынбасары:

- «Нағыз қазақ – домбыра» дейміз ғой, осы домбыра тартуды кейінгі ұрпаққа насихаттау барысында оқушыларымыз домбыра тартудың қыр-сырын тереңірек үйрене алады деген сенімдеміз.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу