Шәкәрімнің белгісіз фотосуреті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкәрімнің белгісіз фотосуреті табылды

08.12.2014
Шәкәрімнің белгісіз фотосуреті табылды

Осы уақытқа дейін суретте Шәкәрімнің өзі бейнеленгені нақты болмай келсе, мәскеулік архивте табылған құжатта суреттегі адамның есімі мен түсірілген мерзімі жазылған.

Фотосуреттің авторы - орыс зерттеуші Федор Фиельструп.

Оның материалдарында қазақ данышпанымен кездесу туралы және Шәкәрімнің өз аузынан шыққан ақпараттар кездеседі.

Әйгілі қазақ ақыны ғалымға бүркітпен аң аулау және қазақ халқының сүтті тағамдары туралы баяндаған.

Музей қызметкерлері Шәкәрім тұрған ауыл бейнеленген 30 фотосуреттің көшірмесін алып келді.

Хабарламаларға жазылу