Алматыда «Жыр алыбы - Жамбыл» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жыр алыбы - Жамбыл» атты көрме ашылды

25.02.2016
Алматыда  «Жыр алыбы - Жамбыл» атты көрме ашылды
Алматыда Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты көрме ашылды.

Онда атақты мүсінші Исаак Иткиндтің мұражай қорында сақталған «Бала Жамбыл» мүсіндік портреті, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің «Жамбыл» картинасы мен ақынның 141 түпнұсқалық фотосуреті қойылды.

Осылайша, көпшілік назарына қазақ халық ауыз әдебиетінің қазынасы саналатын Жамбыл шығармашылығына қатысты құнды фотоқұжаттық, заттық және жазбаша деректер ұсынылды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу