Қаллеки театрында Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театрында Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

04.12.2014
Қаллеки театрында Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

3 желтоқсан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті

Бір жыл бойы елімізде Қазақстанның театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, саңлақ актриса Сәбира Майқанованың шығармашылық мұрасы мен қайраткерлік болмысын насихаттау мен дәріптеуге арналған іс-шаралар өткізілді. Салтанатты кеш осы жылы өткен іс-шаралардың қорытындысы іспеттес шара.

Кештің құрметті қонақтары ретінде мерейтой иесінің туыстары: қызы –  Гүлдар Әбдірашитова, немересі – Талғат Байқоңыров, сондай-ақ, көрнекті театр және кино актері, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі – Асанәлі Әшімов, театр сыншысы, драматург Еркін Жуасбек және т.б. театр қайраткерлері, ғалымдар мен өнер өкілдері қатысты.

Салтанатты кештің ашылуы алдында Сәбира Майқанованың қазақ театры саласындағы өмір жолы мен рөлі туралы бейнефильм көрсетілді.

Хабарламаларға жазылу