Қ.Қуанышбаев атындағы театрда Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Қуанышбаев атындағы театрда Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді

03.12.2014
Қ.Қуанышбаев атындағы театрда Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді

Бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында көрнекті театр және кино актрисасы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді.

Бір жыл бойы елімізде Қазақстанның театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, саңлақ актриса С. Майқанованың шығармашылық мұрасы мен қайраткерлік болмысын насихаттау мен дәріптеуге арналған іс-шаралар өткізілді. Салтанатты кеш осы жылы өткен іс-шаралардың қорытындысы іспеттес.

Кештің құрметті қонақтары ретінде мерейтой иесінің туыстары: қызы –  Гүлдар Әбдірашитова, немересі – Талғат Байқоңыров, сондай-ақ, көрнекті театр және кино актері, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі – Асанәлі Әшімов, театр сыншысы, драматург Еркін Жуасбек және т.б. театр қайраткерлері, ғалымдар мен өнер өкілдері қатысады.

Салтанатты кештің ашылуы алдында Сәбира Майқанованың қазақ театры саласындағы өмір жолы мен рөлі туралы бейнефильм көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу