Қызылордадан Дубайға халықаралық рейс қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадан Дубайға халықаралық рейс қатынайды

28.11.2014
Қызылордадан Дубайға халықаралық рейс қатынайды

Желтоқсан айында СRJ ұшағымен Қызылордадан Дубайға тікелей алғашқы халықаралық рейс қатынайды. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мәлімдеді.

Ұшақтың сыйымдылығы 100 жолаушыға дейін болмақ.

Айта кету керек, 4 қарашадан бастап, «Airport Management Group» республикалық әуежайлар компаниясымен алдын ала келіссөздер жүргізілген.

Сондай-ақ, туроператорлар және чартерлік рейстер, отандық және шетелдік әуекомпаниялар алыс-жақын шетелдерге - Ресей, Түркия, Қытай және БАӘ-ге халықаралық әуе көлігін ашу мақсатында шекара, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық тиісті қызметтермен де жұмыс жүргізуде. 

Хабарламаларға жазылу