1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға рейстерді қысқартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға рейстерді қысқартпақ

26.02.2020

Жұмбақ әрі жұқпалы індеттің лезде тарап, өлім-жітімнің көбеюіне байланысты елімізден шет елдерге қатынайтын бірқатар әуе бағыттарына шектеу қойылмақ. Мәселен, Алматы-Сеул бағыты бойынша, аптасына 5 рет ұшатын ұшақ енді бір-ақ рет қатынайды. Ал Нұр-Сұлтаннан Сеулге аптасына 2 рет жасалатын рейс біреуге қысқартылды. Алматыдан Сеулге аптасына екі рет шығатын ұшақ та 1 рейске азайып, жұмасына бір рет ұшатын Алматы-Тегеран бағытындағы рейс уақытша тоқтатылды. Мамандар Оңтүстік Корея мен Иранға сапарлауды жоспарлап отырған отандастарымыздан әзірге сапарын тоқтата тұруды сұрауда.

Асима НҰРБАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу