Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

29.12.2020
Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады.

Халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады: 

Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16; 

Түркияға - 10;

Өзбекстанға – 6;

Беларусь пен Германияға – 4;

Мальдивке – 3;

Оңтүстік Кореяға, Нидерландқа, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2;

Украинаға – 1 рейстен. 

Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады.

Хабарламаларға жазылу