Иран Израильді дрондармен және зымырандармен атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Израильді дрондармен және зымырандармен атқылады

14.04.2024

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанда бірқатар ұшақ рейсі кешігіп жатыр. Астанадан Дубайға ұшатын рейс көкке уақытында көтерілген жоқ. Сондай-ақ Алматыдан Мысырға, Кувейт пен Дубайға баратын ұшақтар да кешіккен. Иранның Израильге қарсы шабуылынан кейін Таяу Шығыс елдерінің әуе кеңістігі жабылды. Иран Израильді 300-ден астам дрон және зымыранмен шабуылдаған. Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, бұл аппараттардың 99 пайызы атып түсірілген. Ақ үй басшысы Джо Байден Құрама Штаттар Израильге ұшқышсыз аппараттар мен ракеталарды атып түсіруге көмектескенін мәлімдеді. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Байден «Үлкен жетілік»-тің отырысын шақырған. Ал Қытай тараптарды ұстамдылыққа үндеді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгін шұғыл отырыс өткізеді. 

Хабарламаларға жазылу