Биыл Қазақстаннан жаңа халықаралық рейстер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстаннан жаңа халықаралық рейстер ашылады

09.01.2023

Биыл жаңа халықаралық рейстер ашылады. Осылай деген Азаматтық авиация комитетінің өкілдері ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады. Қазақстанда ішкі тасымалдау көлемі пандемияға дейінгі кезеңмен бірдей деңгейге келген.

57 бағыт бойынша аптасына 687 рейс қатынайды. Ал 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілген. Сонымен бірге «Ашық аспан» деп аталатын режим тағы 5 жылға ұзарды. Алдағы уақытта Куала-Лумпурдан Алматыға, Алматы - Токио бағыты бойынша рейстер ашу жоспарланған. Алматы-Тель-Авив бағыты арқылы Израильге аптасына 2 тұрақты рейс ашу да пысықталып жатыр,- дейді жауаптылар.

Хабарламаларға жазылу