Павлодар облыстық филармония оркестрі шетел сахналарында кеш өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облыстық филармония оркестрі шетел сахналарында кеш өткізеді

26.11.2014
Павлодар облыстық  филармония оркестрі шетел сахналарында кеш өткізеді

Оркестрдің директоры Ирина Рахымжанованың айтуынша, өнер ұжымы қазір Германияның «We gather friends» атты жобасы аясында Нойштадт қаласындағы халықаралық музыкалық фестивальге қатысуда.

 Өнер ұжымы Ландау, Шпайер қалаларында концерт беріп, Нойштадтте шеберлік сағаттары мен шығармашылық кештер өткізеді.

30 қараша мен 10 желтоқсан аралығында павлодардық симфониялық оркестрі «Түрксой» халықаралық қоғамдық ұйымының шақыртуымен Түркияға барып, Трабзон, Амасия, Стамбул, Булу, Самсун, Анкара қалаларында «Түркі әлімінің біртумасы» атты концерт қояды.

5 желтоқсанда оркестр Түркия, Әзірбайжан елдері басшыларының қатысуымен өтетін үкіметтік концертке қатысады, деп хабарлайды egemen.kz.

 

Хабарламаларға жазылу