Алматыда «Мен сені сүйемін, өмір» атты қайырымдылық концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мен сені сүйемін, өмір» атты қайырымдылық концерті өтеді

02.06.2021
Алматыда «Мен сені сүйемін, өмір» атты қайырымдылық концерті өтеді

7 маусымда Алматыда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармония залында күйші Бекзат Мұстафаевтың «Мен сені сүйемін, өмір» атты концерті өтеді.

Шараның ұйымдастырылуына Мәдениет және спорт, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері ұйытқы болып отыр. Сондай-ақ концерттің өтуіне сала министрлерімен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ, Жамбыл атындағы филармония ұжымы мен «Отырар сазы» фольклорлық оркестрі, сонымен қатар жекелеген опера әншілері мен жыршы-термешілер қолдау көрсетпек.


Айта кетейік, Бекзат Мұстафаев 2014 жылдан бері ауыр дертке шалдығып, екі бүйрегі істемей қалған. Коцерттен түскен қаражат күйшінің еміне жұмсалмақ. 

Қайырымдылық шарасы сағат 16:00-де басталады. Концерттің телевизиялық нұсқасы «Аbai TV» арнасынан көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу