Астанада Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған кеш өтеді

03.02.2016
Астанада Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған кеш өтеді

Конгресс-холл сахнасында көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқал Жайымов пен дирижер, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекеновтің жетекшілігімен Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі өнер көрсетеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Бұдан басқа, классика және эстрада, сондай-ақ, дәстүрлі ән бөлімдерінің әншілері ән шырқайды. «Артист» эстрадалық би тобы хореографиялық қойылымдарды көпшілік назарына ұсынатын болады. Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет, Парасат» ордендерінің иегері, филармония солисті Майра Ілиясова мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филармония солисті Алтынай Жорабаева қатысады.

Мұқағали рөлін «Жастар» театрының актері Бақыт Хаджибаев сомдайды. Өлеңді оқитындар - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері – Нұрай Танабаев пен Маржан Мырзабекова.

Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын», – деп жырлаған ақын, аз ғұмырында қаншама әнге сөз жазып, қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі.

Хабарламаларға жазылу