Е. Рахмадиев атындағы филармония жаңа маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е. Рахмадиев атындағы филармония жаңа маусымын бастады

03.10.2022

Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ән базары-Қараөткел» атты тарихи-музыкалық кеш өтіп жатыр. Аңызға айналған кезіндегі Қараөткел жәрмеңкесі сауда ғана емес, мәдениеттің де орталығы болған еді. Бүгінде осы жәрмеңкенің орнында мемлекеттік филармония ғимараты орналасқан. Бүгін Қараөткелдің үні қайта жаңғырып, облыстық филармония жаңа маусымын ашып отыр.

Тельман Нүркенов, әнші, Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі:

Белді әншілер халыққа танылған Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина, Нұрай Танабаев, Секен Сыздықов сынды және жас таланттар халыққа енді танылып келе жатқан дүлдүл әншілер бүгінгі осы кеште өз өнерлерін көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу