Алматыда «Қазақ елі» атты кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақ елі» атты кеш өтеді

02.02.2015
Алматыда «Қазақ елі» атты кеш өтеді

Бүгін Алматыда Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы, Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің «Қазақ елі» атты кеш өтеді.

Осыған орай филармония басшысының міндетін атқарушы, дәстүрлі әнші Амангелді Қасенұлы және облыстық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры, ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Баритұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл жас оркестрдің алғашқы тұсаукесер концерті. Кеште Құрманғазы, Тәттімбет, Махамбет, Жаяу Мұса, Естай, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуовтің шығармаларымен қатар, жергілікті композиторларымыздың туындылары орындалады».

Оркестрдің алдағы жоспарымен бөліскен Амангелді Қасенұлы: «Бұл – алғашқы гастрольдік сапар. Облыс әкімшілігінің, Мәдениет басқармасының қолдауымен сапар әлі де жалғасын табады»,-дейді.

Өскенбайдың «Бұлбұл Ақжелең» атты күйін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу