«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балеті қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балеті қойылды

09.01.2015
«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балеті қойылды

Сюжет бойынша Қарагөзді – Досан руынан шыққан Нарша есімді жігітке күйеуге береді. 

Алайда басты кейіпкердің бар арманы – бұрыннан бергі досы, жас әрі көрікті Сырыммен бірге болу. Сезімнен берік ғасырлардан келе жатқан дәстүр, олардың бірге болуына кедергі келтіреді.  

Соңында ару қыз Сырымға қашып кетеді, бірақ қашқындарды қуғыншылар ұстап алып, Қарагөз біржола есінен адасады. 

Өмірмен қош айтысар алдында ғана есін жиып, Сырым мен Наршаны көреді, ал олардың екеуі де қыз үшін өмірлерін қиюға дайын болатын. Қарагөз сол сәтте қайтыс болады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу