Бүгін – «Алаш» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Алаш» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн

26.11.2014
Бүгін – «Алаш» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн

26 қараша, 1916 жыл. Бұл күні қазақ баспасөзі тарихында өзіндік орны бар «Алаш» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Редакторы – тұңғыш социалистік «Үш жүз» партиясын құрған, «Алаш», «Үш жүз» газеттерінің шығуына  мұрындық болған драматург, публицист Көлбай Төгісұлы, ал, шығарушысы – Мәриам Төгісова болды.

Газетті шығарудағы басты мақсат – қазақ жұртын орталық бұғаудан босату еді. Үнпарақтың алғашқы санында «қазақ халқының шешетін мәселелері, оқу-ағарту ісін жөнге қою, Мемлекеттік думаға қатысу, сот ісін жөндеу, әйел мәселесін көтеру, елдің тұрмыс-халін түзету», деп жазылған.

«Алаш» газеті сол бір буырқанысты кезеңде жарық көрді. Бұл сол кездегі қазақ халқының Тәуелсіздікке деген ұмтылысына дем берді. «Алаш» басылымы күнделікті болып жатқан оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізуге барынша тырысты.  Өйткені, бұл газет байланыс тораптары, радио жоқ кезде, бірден-бір ақпарат алу құралы еді»,-дейді жазушы, ғалым  Тұрсын Жұртбай.

«Алаш» газеті Ташкент қаласында басылып тұрды. Алайда, патша үкіметі қазақ жерінде бұл мерзімді басылымның шығуына түбегейлі қарсы болды. Оған бірінші себеп – 1905-1907 жылдардағы революцияның қазақ даласына жетуі еді. Екіншіден, Ресей қалаларында білім алған қазақ балалары отарлау саясатының мәнін бұқараға жеткізуші деп қорықты. Үшіншіден, «Алаш» сөзі патша үкіметін қатты үрейлендірді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу