Ақын Қазыбек Иса марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Қазыбек Иса марапатталды

31.10.2014
Ақын Қазыбек Иса марапатталды

ҚР Ұлттық кітапханасында «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары - ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Исаны марапаттау рәсімі өтті.

Арнайы марапаттау үшін Мәскеуден Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығы атқару комитеті төрағасының орынбасары Владимир Середин келді.

Белгілі ақын Қазыбек Исаның «Керімсал», «Қызыл жыңғыл», «Тәтті шөл» жыр жинақтары жарық көрген.

Ақын лирикасында қазақ поэзиясының ерекшелігін айқындайтын өзіндік бағыты бар.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу