Эрнест Төрехановтың «Келбетін» көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эрнест Төрехановтың «Келбетін» көріңіз

27.09.2014
Эрнест Төрехановтың «Келбетін» көріңіз

Эрнест Төреханов - 1943 жылы 12 қарашада Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында туған.  «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ұзақ жылдар «Жазушы», «Жалын» баспаларында, «Қазақфильм киностудиясында жұмыс істеді. «Наука и высшая школа Казахстана» газетінің бас редакторы болған. 1990 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ Жарық» – «Белый Свет» атты газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Жазушының алғашқы кітабы — «Хантәңірі» 1978 жарыққа шықты. Одан соң «Алтын шеңбер», «Таудан түскен із», «Ер кезегі», «Алыстағы ақ қала», «Ескендір мен Роксана», «Алматыда күн ашық» кітаптары жарық көрді.

Бүгін 16.25-те Ұлттық арнадан  Эрнест Төрехановтың «Келбетін» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу