«Еуразия Барысы» ІІ турнирінде ел намысын қорғайтын Жеңіс Биткөзов баптайтын Ұлттық құраманың сапына сайдың тасындай іріктеліп 5 палуан жиналды.
1. Абзал Арыстанбеков
Туған жылы – 1990.
Бойы: 170 см
Салмағы: 62 келі
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2013 ж.);
– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);
– Қазақ күресінен Азия чемпионы (2014 ж.).
2. Кайрат Ағыбаев
Туған жылы – 1993.
Бойы: 168 см
Салмағы: 72 келі
Жетістіктері:
– Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 ж.);
– Дзюдодан Еуропа кубогының қола жүлдегері (2012 ж.);
– Дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж.).
3. Дәулетхан Жақыпов
Туған жылы – 1992.
Бойы: 179 см.
Салмағы: 81 келі.
Жетістіктері:
– 2013 жылы қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;
– 2013 жылы қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 жылы «Қазақстан Барысында» төртінші орын алған;
– 2014 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы.
4. Мұхит Тұрсынов
Туған жылы – 1988.
Бойы: 185 см
Салмағы: 95 келі
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы (2011 ж.);
– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);
– 2014 жылы «Қазақстан Барысы» атанды (2014 ж.).
5. Айбек Нұғымаров
Туған жылы – 1987.
Бойы: 189 см
Салмағы: 138 келі
Жетістіктері:
– Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.);
– Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.);
– 2013 жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы (қазақ күресінен);
– «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы (2014 ж.).
Айта кетейік, «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: kazakhstanbarysy.kz