Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында жарылыстан кем дегенде 90 адам опат болды. Reuters-тің хабарлауынша, құтқарушылар мен парамедиктер жұмыс істеп жатыр, 100 адам ауруханаларға жеткізілген. Апат болған кезде жер астында 247 шахтер болған. Газдың неден жарылғаны әзір айтылған жоқ. Шахта бастықтары ұсталған. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин үкіметіне барлық көмекті көрсетіп, тірі қалғандарды тауып, апат себебін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға пәрмен берген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Ал АҚШ президенті Д. Трамп Иранмен келісім әжептәуір ілгеріледі, жақын уақытта бүге-шігесіне тоқталамыз деп хабарлады. Ормуз бұғазы ашылады деп отыр. Кеше Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мемлекеттік телеарна эфирінде соңғы аптада Иран мен АҚШ позициялары жақындай бастады деді. Бірақ бұл негізгі мәселелер бойынша келісімге келді дегенді білдірмейді деп ескертті.
Бүгін Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы келісім жобасының жай-жапсарын жазыпты: олар атысты тоқтату режимін 60 күнге ұзартуды қарастырады. Тегеран Ормуз бұғазын миналардан тазарта бастайды. Және бұғаз арқылы өту тегін болмақ. Ал АҚШ ирандық порттарға жол ашып, санкцияны әлсіретпек. Демек, Иран мұнайын еркін сата алады.
Өткен апталарда АҚШ президенті мен Ресей президенті Си Цзиньпин жолдаспен кездесуге Қытайға сапарлағаны мәлім. Сарапшылар екеуінің де келіссөздері анау айтқандай жемісті болмағанын талдады.
Мысалы, Қытай лидері «Фукидид тұзағы» туралы айтты.
Гарвард университетінің профессоры Грэхем Аллисон ұсынған термин. Екі алып держава — АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасын түсіндіру үшін қолданды. Қысқаша қайырсақ, «ғажап» деп таңғалдыратындай өскен Қытай экономикасы мен әскери қуаты АҚШ-қа қауіп төндіреді, бұл тарихи заңдылықтарға сай оларды қақтығысқа итермелеуі мүмкін деген.
Қытай басшысы Си Цзиньпин жолдас АҚШ президенті Дональд Трампқа қарап: «Фукидид тұзағына» түспейік, қатынастың жаңа парадигмасын қалыптастыру тарихи маңызы бар шешім деді.
Дональд Трамп басқасын қоя тұрғанда, сауда соғысында жеңбейтінін түсінеді, әрине. Тариф соғысын былтыр да бастап көрді, бір жылға жетер-жетпес тоқтатты.
Қытай мен АҚШ-тың қарым-қатынасы бүкіл әлемге әсер ететіні шын.
Мысалы бізге әр
тараптың, ол тек Қытай мен АҚШ емес, өзінің ықпал ететін ауданы ету саясаты,
содан тарайтын экономикалық тәуекелдер мен шығындар, түптеп келгенде қимылдай
алмайтын тәуелділік керек емес. Қиын. Бірақ сақтау парыз және мүмкін саясат.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08
Ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Арын жайлы монография жарық көрді
23.05.2026, 20:06