Гүлмира Шалабаева Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры болып тағайындалды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Гүлмира Шалабаева Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.
Айта кетейік, Г.Шалабаева бұған дейін ҚазАКС Мемлекеттік киносының бас редакторы, педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ҚР Жастар ісі комитетінің жетекші маманы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия және политология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан ғылым академиясының философия институтының бас ғылыми қызметкері болды.
50-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы. Мемлекеттік және халықаралық жүлделермен марапатталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00