Биыл Қарағанды облысында 258 мың шаршы метр үй салынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің 100,3 пайызын құрайды. Бұл туралы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы жарты жылдық бойынша жалпы өңірлік өнім 1 триллион 296 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан. Облыс экономикасына 273 миллиард теңге инвестиция салынды. Жыл басынан бері 1 триллион 64 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілген.
Ольга Чернявскаяның атап өтуінше, негізінен жоспарлы көрсеткіштер орындалған.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімі өндірісі 101 миллиард теңгені құрап, 4,2 пайыз өсімді көрсетіп отыр.