Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды. Президент қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарын салуды тездету қажеттігін айтқан еді. Бүгін “Самұрық -Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Берік Уәлимен орталықтың құрылыс алаңын көрді. Станцияға әрқайсысының өнімділігі 650 тонна сағат болатын төрт бу қазандығы және қуаты 135 мегаваттан үш турбогенератор кіреді. Нысанды биыл 2029 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобамен танысқан Нұрлан Жақыпов аталған нысанның өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
Семей ТЭЦ-тің құрылыс жұмыстарын тексердім. Жалпы, қуаттылығы 405 мегаватт, жылу қуаттылығы бір мың гигакалория. 2029 жылға дейін салатын боламыз. Құрылыс жұмыстары басталды. Бұл ТЭЦ-та біз таза көмір технологиясын пайдаланатын боламыз. Сондықтан, кем шығындардығ санын 10 есе төмендетеміз.Орман тұқымбағына мыңнан астам көшет отырғызылды
«Самұрық -Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы мен облыс әкімі “Таза Қазақстан” акциясына да қатысты. Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағына мыңнан астам көшет отырғызылды.
«Самрұқ-Қазына» тобы биыл ел бойынша 5 миллионнан астам ағаш еккен. Жалпы қор Абай облысының жан-жақты дамуына үздіксіз қолдау білдіріп келеді. Биыл Семейде жаңа спорт кешені салынбақ. Бүгін Ертіс жағалауында бой көтеретін спорт ғимаратының іргетасына салтанатты түрде капсула салынды.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
Осы төңіректе өздеріңіз білесіздер 15 мыңға жуық халық тұрады. Бірінші салынғалы тұрған қаламыздағы, осы аудандағы бірінші спорт кешені. Сол себепті осы халық үшін өте қажетті, бұқараға, халыққа бұқаралық спортты дамытуға үлкен бір серпін бермек.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04