Үндістанда ядролық оқтұмсықты алып ұшуға мүмкіндігі бар «Агни-ІІ» баллистикалық зымыранының сынағы табысты өтті.
2 мыңнан астам қашықтықта әрекет ете алатын зымыран Үндістанның шығысындағы Орисса штатының Уилер аралынан мобильдік іске қосу құрылғысымен ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
600 шақырым биіктікке жеткен зымыран Бенгал шығанағының суына, алдын ала белгіленген жерге құлады.