Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран ұшырылды

14.03.2023

Солтүстік Корея бүгін аз қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Снаряд елдің үстінен өтіп, шығыс жағалаудағы теңіз суына құлаған. Пхеньянның зымыран сынауына Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ауқымды әскери жаттығу өткізуі түрткі болды. Солтүстік Корея бұл маневрларды «басып кіруге дайындық» деп қауіптенеді. Өткен аптада мемлекет лидері Ким Чен Ын, ел әскеріне қарсыластардың әрекетіне қарсы тұруға сақадай-сай болуға бұйрық берген.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу