Астанада 32 метрлік әуе шары орнатылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 32 метрлік әуе шары орнатылды (ФОТО)

06.11.2014
Астанада 32 метрлік әуе шары орнатылды (ФОТО)

Бүгін Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда балалар мәселесіне қоғамның назарын аудару үшін 32 метрлік әуе шары орнатылды. Шараны «Балалар үшін биікке самғай отырып» (FlyingHighForKids) әлемдік жобасы аясында БҰҰ Балалар қорының өкілдігі (ЮНИСЕФ) мен Астана қаласы Білім беру басқармасы ұйымдастырды.

Акция Жаңа Зеландияда 2013 жылы желтоқсан айында басталған.  Бүгінде мұндай шар әлемнің 10 елінде ұшырылған. Жобаның жетекшісі жаңазеландиялық  Эндрю Паркер әуе шары байланған жүк көлігімен саяхатқа шығып, төрт жарым жыл ішінде әлемдегі 100-ден астам елді қамтуды жоспарлап отыр.  Шара Чилиде аяқталмақ.

«Біз балалардың арманы болса, олар армандарын орындауға ұмтылса дейміз. Балалардың жүзінен күлкі кетпеуін қалаймыз. Біз болған жерлерде балалар әуе шарын көрмеген. Барған жерімізде  мектептерге барып, саяхатымыз туралы балаларға айтамыз», - дейді жоба жетекшісі Эндрю Паркер.

Бұл іс-шараның мақсаты – балалар мәселесіне қоғамның назарын аудару. Жоба Қазақстанның балалар құқықтарын жүзеге асыру ісіне қатысты ұстанымын әлемге көрсетуіне мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу