Ертең Астанада 32 метрлік әуе шары ұшырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада 32 метрлік әуе шары ұшырылады

05.11.2014
Ертең Астанада 32 метрлік әуе шары  ұшырылады

Ертең Астанада балалар мәселесіне қоғамның назарын аудару  үшін 32 метрлік әуе шары ұшырылады. Шара «Балалар үшін биікке самғай отырып» (FlyingHighForKids) әлемдік жобасы мен  БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) аясында өтеді. Акция «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда сағат 10:00-де басталады.

Мұндай шар бұған дейін әлемнің 10 елінде ұшырылған. Жобаның жетекшісі жаңазеландиялық  Эндрю Паркер әуе шары байланған жүк көлігімен саяхатқа шығып, төрт жарым жыл ішінде әлемдегі 100-ден астам елді қамтуды жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу