Есіл өзенінде орнатылған сағат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есіл өзенінде орнатылған сағат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін

28.12.2016
Есіл өзенінде орнатылған сағат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін

Астанада Жаңа жыл қарсаңында Есіл өзенінде үлкен сағат орнатылды. Циферблатының диаметрі - 17 метр, жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайды. Конструкцияның ерекшелігі - өзенде орналасуында.

Сағаттың айналасындағы аумақ қыста демалуға лайықты орын. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сырғанақтар мен ауданы 8000 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны жасалды. Сағат нақты механизммен жабдықталған.

Айта кетейік, Есіл өзенінде орнатылған жаңажылдық сағат әлемдегі осындай ең үлкен сағат болып табылуы мүмкін. Манхэттенның жанында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі - 15,24 метр.

astana.kz

Хабарламаларға жазылу