Австралияда әуе шары қонған сәтте 7 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда әуе шары қонған сәтте 7 адам жараланды

08.02.2018

Австралияда әуе шары қатты қонғанда 7 адам жараланды. Зардап шеккендер арасында шетелдіктермен бірге австралиялықтар бар. Олар арқа, мойын, тізе буыны жарақаттарын алған. Әуе шары Виктория штатының Ярра жазығы үстімен ұшып бара жатып, жайылымға жақын алаңға қатты қонған. Әзірге, бұған не себеп болғаны белгісіз. Осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу