Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды

16.09.2019

Ерлікке тағзым. Атырауда Халық Қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 5,5 метрлік туындының авторы - Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Бақытбек Мұхаметжанов. 

Қоладан құйылған қанатты қыздың еңселі ескерткіші мәрмар тасты тұғырға орнатылған. Халықаралық әуежай алдында қасқайып тұрған мүсін - ерлік пен даңқтың нышаны. Майдандағы ерлігі көпке үлгі болған даңқты жауынгер ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде 300-ден астам әуе шайқасына қатысыпты.

Тарғын Доспанов, Х.Доспанованың інісі:

Соғыстың қаталдығынан ба, әлде, әскер тәртібі ме, негізі тез шапшаң кісі болды. Өткір сөйлейтін кісі еді. 

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:

Қажет кезде ерлермен бірге сапқа тұрған аналарымыз бен апаларымыз жетерлік. 

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу