Сейдахмет Бердіқұл атындағы журналистер байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейдахмет Бердіқұл атындағы журналистер байқауы басталды

04.11.2014
Сейдахмет Бердіқұл атындағы журналистер байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасының Спорт баспасөзі қауымдастығы еліміздегі БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлайды.

Мақсаты - қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты насихаттау, спорт және дене шынықтыру саласы бойынша проблемаларды көтеріп, оның шешу жолдарын көрсету.

Жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Айта кетейік, сыйлық үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде, екі сыйлық – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық – орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.

Хабарламаларға жазылу