Луиса Валтуэнья атындағы Халықаралық фотосуретшілер байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Луиса Валтуэнья атындағы Халықаралық фотосуретшілер байқауы басталды

27.09.2015
Луиса Валтуэнья атындағы  Халықаралық фотосуретшілер байқауы басталды

Гуманитарлық қызмет тақырыбына арналған Халықаралық фотосуреттер байқауына жұмыстар қабылдау басталды. Оған әлемнің барлық елінен тәжірибелі және қызметін енді бастаған фотографтар қатыса алады.  

Луиса Валтуэнья атындағы Халықаралық фотосуреттер байқауы «Mеdicos del Mundo» («Әлем дәрігерлері) ұйымының бастамасымен өткізіледі.   

Суреттердің «Гуманитарлық қызмет», «Халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік теңсіздік», «Адам құқығының бұзылуы», «Табиғи апатттар», «Босқындар мен иммигранттар мәселесі», «Тұрғындардың әлеуметтік осал топтары» тақырыбына арналуы шарт.

Әрбір қатысушы түрлі және ақ-қара түсті 10-ға дейінгі сурет ұсына алады. Суреттер 2013 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың қазаны аралығында түсірілген және бұған дейін ешқандай байқауға жолданбаған болуы тиіс.

Бас жүлде - 6 мың евро. Жұмыстар 9 қарашаға дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу