Оралхан Бөкей оқулары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралхан Бөкей оқулары басталды

08.10.2014
Оралхан Бөкей оқулары басталды

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы басталды. Шараға аудан, облыстық сайыстардан топ жарған 16 мықты қатысуда.

Жүзден жүйрік шыққан жастар бүгін қазақ классиктерінің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқып жарысты. Қазылар қатысушылардың алдымен шығарманы таңдау талғамына мән беріп, мәтінді оқу шеберлігіне ерекше ден қойды. Көркемсөз оқудың хас шеберлері кешке белгілі болады.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу