Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдық мерейтойы аясында дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдық мерейтойы аясында дөңгелек үстел өтті

05.05.2023

«Сейдахмет Бердіқұлов мұрасы және қазіргі журналистика». Осындай атаумен қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған танымал жазушының 90 жылдық мерейтойы аясында дөңгелек үстел өтті. Сейдахмет Бердіқұлов - қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, ел спортын насихаттауға еңбек сіңірген, қазіргі Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті. Ол 1966 жылы – Лондонға, 1970 жылы Мексикаға барып, футболдан Әлем чемпионаты жайлы қалам тербеген алғашқы қазақ. Іс-шараға қаламгердің көзін көрген шәкірттері, ардагер журналистер қатысты. Қонақтар жазушы естеліктерімен бөлісті.

Дихан Қамзабекұлы, «Егемен Қазақстан» ЖШС Бас директоры:

Көп журналист қазір аға буын Сейдахмет ағамыздың шекпенінен шыққанын оны әділ айтуымыз керек. Әдетте Шер ағаның үлкен журнилистикалық мектебін айтып жатады. Екінші Сейдамхмет ағамыздың мектебі ерекше маңызға ие.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу