«Мың жасаған Алматы» атты журналистер байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың жасаған Алматы» атты журналистер байқауы басталды

28.06.2016
«Мың жасаған Алматы» атты журналистер байқауы басталды

Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен көне шаһардың 1000 жылдығы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруды насихаттауға арналған «Мың жасаған Алматы» атты журналистер байқауы басталды.

Оған республика және облыстық, аудандық басылымдарда жарияланған, эфирге шыққан түрлі жанрдағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер бойынша БАҚ өкілдері қатыса алады.

Байқау шартына сай, үміткерлер егемен елдің елеулі жетістіктері мен толымды табыстары, өзекті мәселелері және ірі мегаполистің тыныс-тіршілігін, Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысын жан-жақты қамтулары қажет. 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу