Астанада шығармашыл жастардың XVII Халықаралық фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шығармашыл жастардың XVII Халықаралық фестивалі өтуде

04.11.2014
Астанада шығармашыл жастардың XVII Халықаралық фестивалі өтуде

Бейбітшілік және келісім сарайында шығармашыл жастардың XVII Халықаралық фестивалінің шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Байқауға қатысу өтініштерінің ең көбі Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласынан түскен.

Байқау бірнеше номинациялар бойынша өтіп отыр. Олардың арасында жаңа «халық музыкасы» және «камералы хор» номинациялары да бар. Конкурстық шаралардан өзге фестиваль барысында қазылар алқасының концерті, музыкалық шоу, танысу кеші – Арт-клубы, фестиваль лауреаттарының құрметіне әкім балы, шығармашылық саланың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылады. Сонымен қатар шара кезінде әлемдік өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары да өтеді.

Байқаудың Гран-при иегеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы, 1-2-3 орын иелеріне «Лауреат» атағы мен «Шабыт» жүлделері табысталады. Шығармашыл жастардың «Шабыт» Халықаралық фестивалінің «Дипломант» атағы жас дарындарға үлкен сахнаға жол ашады.

Фестиваль 8 қараша күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін гала-концертпен өз мәресіне жетеді.

Хабарламаларға жазылу