«Шабыт» фестивалінің қазылар алқасы шеберлік сағатын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шабыт» фестивалінің қазылар алқасы шеберлік сағатын өткізеді

05.11.2014
«Шабыт» фестивалінің қазылар алқасы шеберлік сағатын өткізеді

Астанада шығармашыл жастардың XVII «Шабыт» халықаралық фестивалінде жас музыканттар, бишілер мен жазушылар 6 аталым бойынша бақ сынауда.

Белгілі композиторлар, дирижерлер, музыканттардан құрылған қазылар алқасы байқауға қатысушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізеді.

8 қарашада Қазақ Ұлттық Өнер университетінде байқау лауреаттарына дипломдар мен мақтау қағаздарын табыстау  шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 Фестивальдің бас жүлдесі - ҚР Президентінің кубогы.

Биыл фестиваль «Халық музыкасы» және «Камералық хор» аталымдарының қосылуымен ерекшеленеді.

Хабарламаларға жазылу