«Таңшолпанда» - «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, ақын Батырхан Сәрсенхан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, ақын Батырхан Сәрсенхан

07.11.2014
«Таңшолпанда» - «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, ақын Батырхан Сәрсенхан

XVII Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері, ақын Батырхан Сәрсенхан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Биылғы шабыт фестивалі өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ елінің түкпір-түкпірінен 160-тай ақын өлеңдерін жіберген. Шеттерінен мықты. Барлығы да ақын деп мақтануға жарап тұр. Наурыз Саршаев, Нұржан Қадырәлі, Әлімжан Әлішер, Олжас Қасым, Хамит Есаман, Айжан Тәбаракқызы т.б. поэзиясы мықты».

«Қазіргі жастардың поэзиясы өте жоғары деңгейде. Аға буын өкілдеріндің түсінбей жатқаны да сондықтан болар. Жастардың арасында шоқтығы биік Бауыржан Қарағызұлы, Қалқаман Сарин, Ерлан Жүніс, Ақберен Елгезек, Азамат Тасқараұлы басқа да ақындар жетерлік»,-дейді ақын.

Ақынның Гран-при алуына сеп болған өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу