Қытайдың дарынды жастары «Шабыт» фестиваліне қызығушылық білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың дарынды жастары «Шабыт» фестиваліне қызығушылық білдіруде

13.10.2014
Қытайдың дарынды жастары «Шабыт» фестиваліне қызығушылық білдіруде

3-8 қараша аралығында Астанада өтетін XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне өтінімдерді қабылдау аяқталып келеді. Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрші Қытай елінен «Дәстүрлі ән» аталымына өтінім көп түскен. Олар фестивальде сазсырнай, жетіген, сыбызғы сынды аспаптарда өнер көрсететін болады.

Ал отандық қатысушылардан Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкенттен өтініш берушілердің қарасы көп.

Биылғы фестивальдің бір ерекшелігі, енді жастар «Халық әні» және «Камералық хор» аталымдары бойынша да бақ сынай алады.

Қатысушыларды халықаралық деңгейдегі сарапшылар бағалайды. Ал ең жоғары  жүлде әдеттегідей, «Президент кубогы» болмақ. Бас жүлде – лауреат дипломы, медаль және 250 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық.

Хабарламаларға жазылу