Балнұр Балғабекқызы: Біздің шығармаларымыз елімізден гөрі шетелде көбірек орындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балнұр Балғабекқызы: Біздің шығармаларымыз елімізден гөрі шетелде көбірек орындалады

31.10.2014
Балнұр Балғабекқызы: Біздің шығармаларымыз елімізден гөрі шетелде көбірек орындалады

Биыл Республикамыздың Композиторлар одағы 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Осыған орай ҚР Композиторлары одағының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Президентінің стипендиаты, Балнұр Балғабекқызы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Осы 75 жылдың ішінде Қазақстанда 50 опера жазылған. Соның 48-і бұдан 50 жыл бұрын жазылыпты. Басы «Қыз Жібек» болса, соңғы жазылған опера Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсы болды. Одан бері Еркеғали Рахмадиевтің «Абылай ханы», екіншісі мен жазған «Қалқаман-Мамыр» операсы»,-дейді композитор.

«Опера – күрделі жанр. Ол – күнделікті істелетін іс. Ал, қарбалас тіршіліктің арасында жүрген кезде, ондай мүмкіндік бола бермейді».

«Композиторлар одағында 100-ден аса композитор бар. Әлем бойынша композиторлары көш бастаған ел – Әзірбайжан. Екінші орында – біздің ел. Бір қынжылатынымыз, біздің шығармаларымыз елімізден гөрі шетелде көбірек орындалады. Оның бір себебі бар. Америка, Еуропа елдері деградацияға ұрынған. Ұлттық нақыш жоқ оларда. Ал, біздің шығармаларымызда ұлттық нақыш пен әлемдік музыкалық форма қатар жүреді»,-дейді Балнұр Балғабекқызы.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу