Қазақстандық режиссер Владимир Татенко дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық режиссер Владимир Татенко дүниеден озды

22.10.2014
Қазақстандық режиссер Владимир Татенко дүниеден озды

Алматыда танымал режиссер, журналист Владимир Татенко 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Владимир Татенко 1929 жылы Донецк облысында туған. Еңбек жолын «Социалистік Қарағанды» газетінде тілші ретінде бастаған.

Кейін 1960-1972 жылдары Қарағанды облысында «Телефильм» студиясын ашып, бірнеше деректі фильм түсірген. «Қазақфильм» киностудиясына ауысқан соң да талантты режиссер шығармашылық жұмысын одан әрі жалғастырды.

Оның «Донбасс-Қарағанды» деректі туындысы кеңестік кинофестивальдерде үздік деп танылған. «Иван Иванович Иванов», «Женщина из колхоза «Коммунизм», «Ласточка», «Кузьмич, Адам и другие» тәрізді деректі шығармалары да лайықты жүлдеге ие болды.

Хабарламаларға жазылу