Иосиф Кобзон дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иосиф Кобзон дүниеден озды

30.08.2018

Кеңес Одағы кезінде бүкіл елге кеңінен танымал болған КСРО халық әртісі және Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон дүниеден озды. Бұған дейін танымал әншінің Мәскеудегі онкологиялық орталыққа жатқызылғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол қатерлі обыр дертіне 2005 жылы шалдыққан. Содан бері оған бірнеше операция жасалып, үнемі дәрігерлердің бақылауында болыпты.

Биыл 81 жасқа қараған Иосиф Кобзон Украинаның Донецк облысында дүниеге келген. Талантты әнші тоғыз жасында-ақ Кремльде Сталиннің алдында өнер көрсетіпті. Кеңес заманында оның лирикалық баритон дауысын танымайтын адам кемде - кем еді. Кобзон Қазақстанға да жиі келетін. Ол 2010 жылы қазанда Астанада әлемдік рухани мәдениет форумында ән шырқағаны белгілі. Әйгілі әнші қыркүйектің 2-де ақтық сапарына шығарылып, Мәскеудегі Востряковск зиратында жерленеді. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу